Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

        Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуовтың төрағалығымен Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
        Атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л.Уразбаева баяндады.
        Ағымдағы жылдың 4 айында Ақтөбе облысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 14804 адам жұмыспен қамтылды. «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 1112 жұмыс орындары құрылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 5333 адам жолданды.
        Бүгінгі күнге 5048 жастар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
«Жасыл Ел» жобасының іске асырылуы бойынша облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев хабарлама жасады.
       «Жасыл ел» жобасының ХХІ еңбек маусымы ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Биылғы мақсат - 3200 жасты жұмыспен қамту. Оның ішінде: 2000 жас – орман шаруашылықтарына, 1200 жас – абаттандыру және құрылыс бағыттарында жұмыс істеуі көзделген.
Жалақы мөлшері 155000-190000 теңге аралығында белгіленді.
        Жобаға 16-35 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, жұмыссыз және NEET санатындағы жастар, сондай-ақ, пробация есебіндегі жастар тартылуда.
        Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарларына Өңірлік жұмыспен қамту картасында жоспарланған көрсеткіштерді орындау мақсатында нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, мердігерлермен және жұмыс берушілермен жұмыссыздарды, оның ішінде жастарды, жұмысқа орналастыру үшін арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.