Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Тауанов жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Тауанов жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды.

       Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Тауанов және облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының міндетін атқарушы Ә.Жалмырзаұлы жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келіп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық мансап орталығының, аудандық «Қамқор» отбасын қолдау орталығының жұмыстарымен танысты.
Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Есенаманов аудан бойынша жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Аудандық әлеуметтік мекемелер жауапты мамандары атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Басқарма басшысының орынбасары ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы аудан тұрғындарын жұмыспен қамту шараларын күшейту қажеттігін тапсырды.
Сапар аясында Жұрын ауылдық округінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына азаматтармен өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлеріне жауаптар берілді.