Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

  Елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі - 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы- бұл жұмысшы  мамандығының мәртебесін арттырып, еліміздің экономикалық әлеуетін дамытуға үлкен қолдау көрсету.

 Облыс әкімі А. Шахаровтың қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында  жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.      

Аталған шараның мақсаты – жұмыспен қамту мәселелері бойынша, жұмысшы мамандықтарды беделді және сұранысқа ие таңдау ретінде насихаттау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қоғамның барлық топтарын жұмысшы мамандықтарын дамытуға тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында өткізілген жәрмеңкеде нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілді. Жұмыссыздар, өзін-өзі қамтушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, мүгедектігі бар адамдар, борышкерлер, пробация қызметі есебінде тұрғандар және т.б. қатысты.

Жәрмеңкеге, өндірістік және қызмет көрсету саласы бойынша 15 ұйымдар мен кәсіпорындар әр түрлі бағытта 132 бос жұмыс орындарын ұсынды. 

Жұмыс берушілер: «Көктас Ақтөбе» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «Казақстан мұнай құрылғылары зауыты» ЖШС, «ATKQYZMET» ЖШС, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Интерстиль» ЖШС, «Ақтөбе шпал зауыты» ЖШС, «Ақтөбе арқалық-рельс зауыты» ЖШС, «Ramazan Elevator» ЖШС, «Ә. Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ, «FERROOM» ЖШС мекемелері бос жұмыс орындарын ұсынып, жәрмеңкеге қатысты.

Ұсынылған бос жұмыс орындары: инженер, өндіріс технологы, жүргізуші,  жүк тиеуші, кассир-сатушы, экономист, қойма меңгерушісі, дайын өнімді жинақтаушы, грохотовщиктер, токарьлар, электриктер, газ дәнекерлеушілер және басқада бос жұмыс орындары ұсынылды.

Бос жұмыс орындары (www.enbek.kz) электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Бүгінгі күнге порталда Ақтөбе облысы бойынша 1649 бос жұмыс орындары орналастырылған.

2025 жылдың 21 ақпанына облыс бойынша 8402 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.