
Биыл Ақтөбе облысында 53 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова мәлімдеді.
Басқарманың осы жылғы басым бағыттарының қатарында 28,1 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар 23 мың тұлғаны техникалық оңалту құралдарымен қамту, 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысын аяқтау және «Аутизм» орталығын ашу жұмыстары бар.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша 55,8 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған болатын. Оның ішінде 560 адам жаңа бизнес идеясын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алды.