Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу қағидалары.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу қағидалары.

Құрметті жұмыс берушілер! Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысының   2024 жылға арналған жалпы квотасына енгізу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілікті тапсыру мерзімі 2023 жылғы 1 қазанға дейін белгіленгенін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз:

6 - тармағы. «Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.»

Жұмыс берушілердің өтінімдерін квота белгілеу жөніндегі комиссия кері қайтаруы мүмкін негіздемелерге назар аударуыңызды сұраймыз:

10-тармағы. «Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшінің қажеттігі жөніндегі өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:

1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;

3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.»