2022 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі

2022 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыру басталады. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.
Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т. б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.