Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау енді электрондық форматта жүзеге асырылады

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау  енді электрондық форматта жүзеге асырылады

2021 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ  «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін электрондық форматқа ауыстырды.

         Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық әкімдіктерге жүгінбей-ақ, «электрондық үкімет» порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өз бетінше өтініш бере алады.

        Қызмет ЭҮП «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Отбасына көмек» бөлімінде қолжетімді.

       Жоспар бойынша, бұл өтініш беруші мен қызмет көрсетуші арасында байланыстың болмауына, қызмет көрсету уақытын қысқартуға, қағаз құжаттарды жинау қажеттілігін жоюға, АӘК тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алу рәсімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оңайлатуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні АӘК алып отырған отбасылары а.ж екінші тоқсанның басынан бастап  жұмыспен қамту орталықтарына жүгінбей-ақ, өтініш беруге мүмкіндігі бар.