Ақтөбеде әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындар марапатталды

Ақтөбеде әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындар марапатталды

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Парыз» конкурсының үздіктерін марапаттады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырушы кәсіпорындарды анықтауға бағытталған конкурс 2008 жылдан бастап республиканың барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

2020 жылы Ақтөбе облысында өткізілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2020» конкурсы бойынша 28 кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдер келіп түсті.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинация бойынша:
17 - шағын кәсіпкерлік субъектілер
2 - орта кәсіпкерлік субъектілер
1 - ірі кәсіпкерлік субъекті
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинация бойынша:
3 - ірі кәсіпкерлік субъектілер
«Үздік ұжымдық шарт» номинация бойынша:
2 - шағын кәсіпкерлік субъектілер
1 - ірі кәсіпкерлік субъекті
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинация бойынша:
2 - шағын кәсіпкерлік субъектілер.

Соңдай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2020» конкурсына белсенді қатысқаны үшін 8 - кәсіпкерлік субъектілерді марапатталады:
1. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша - «Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Актөбе ферроқорытпа зауыты;
2. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» және «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша - «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы;
3. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Үздік ұжымдық шарт» номинация бойынша - «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС (Байғанин ауданы);
4. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша - «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС;
5. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша - «Қобда Жер» ЖШС (Қобда ауданы);
6. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша -шаруа қожалығы «Смағұл» (Муғалжар ауданы);
7. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша - шаруа қожалығы «Рассвет» (Карғала ауданы);
8. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша - шаруа қожалығы «Қуан»(Ырғыз ауданы).