Әлеуметтік қорғау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Үлкенге құрмет – халқымыздың қашанда биік ұстанымы. Аға буынның маңдай тері мен ерен еңбегін бағалап, өмірлік тәжірибесіне тағзым ету – кейінгі ұрпақтың парызы.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің әлеуметтік қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Тағылымды кездесуде ардагерлер өткен жылдарды еске алып, саладағы өзгерістер мен бүгінгі жетістіктер туралы ой бөлісті. Ғұмырын халыққа қызмет етуге арнаған азаматтардың өнегелі жолы – кейінгі буын үшін үлкен мектеп.
Ардагерлер басқармаға қарасты №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен «Қамқорлық» орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің мүмкіндіктерін көрді.
Бүгінде әлеуметтік қорғау саласы уақыт талабына сай жаңарып, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағыт алуда. Осы жолда аға буын қалыптастырған тәжірибе мен бүгінгі мамандардың ізденісі өзара сабақтасып келеді.
Әлеуметтік қорғау – тек қызмет саласы емес, адамға жанашырлық танытып, әрбір тағдырға жауапкершілікпен қарауды талап ететін үлкен адамгершілік мектебі.
Ардагерлерге көрсетілген құрмет – олардың ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне деген шынайы алғыстың белгісі.