Әдеп нормаларын сақтау жөнінде жиын өтті

Әдеп нормаларын сақтау жөнінде жиын өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің төрағалығымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ қарасты мекеме басшыларының қатысуымен әдеп нормаларын сақтау жөнінде жиын өтті.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік тәртіп, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.