
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның төрағалығымен әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бойынша комиссия отырысы өтті.
Аттестаттау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларына» сәйкес өткізілді.
Аттестаттаудың мақсаты – әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік деңгейін айқындау және оның нәтижелері бойынша тиісті біліктілік санатын беру.
Аттестаттау барысында әлеуметтік қызметкерлермен әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу кезінде мамандардың кәсіби және біліктілік даярлығы, іскерлік қасиеттері, сондай-ақ атқаратын лауазымына сәйкестігі бағаланды. Қойылған сұрақтар әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталды.
Аттестаттауға Ақтөбе қаласы, Алға, Байғанин, Мұғалжар және Хромтау аудандарындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының мамандары қатысты.
Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдады.