
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен ««Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» өңірлік конкурсы өтетіндігін хабарлайды.
Конкурс халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген көрнекті мамандар мен инновациялық бастамаларды анықтау және ынталандыруға бағытталған.
Негізгі мақсат – әлеуметтік қызметкерлердің беделін арттыру, озық тәжірибені енгізу, ынталандыру және озық тәжірибені тарату.
Конкурс әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын 7 номинация бойынша өткізіледі:
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үйде күтім көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері»;
- «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор»;
- «Үздік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік педагог» (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде);
- «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері»;
- «Үздік әлеуметтік жоба».
Ережеге сәйкес қатысушылар конкурстық өтінімді, қысқаша (1-минуттық) бейнероликті дайындауы керек.
Қатысушылар өтінімдерін 2026 жылдың 1 қыркүйегі мен 20 қыркүйегі аралығында ұсына алады.
Конкурс облыстық кезеңге арналған.
Конкурс бойынша толық ақпаратты білу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.