Қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта спорттық мереке өтті

Қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта спорттық мереке өтті

Бүгін Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спорттық мереке өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және достық пен өзара қолдау құндылықтарын дәріптеу.

Шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева және танымал спортшылар – Мұрат Казиев, Евгений Гончаров пен Сергей Морозов қатысты.

Балалар гір көтеру, қол күресі, секіртпемен секіру, эстафета және командалық жарыстарға белсенді қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін сынады. Шара соңында үздік қатысушылар марапатталды.