Ақтөбе облысының параспортшылары республикалық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті

Ақтөбе облысының параспортшылары республикалық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін «Dariya» мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік даму орталығында Ақтөбе облысының параспортшыларымен мүгедектігі бар спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан республикалық чемпионаттың қорытындысына арналған кездесу өтті.

Жарыс Алматы қаласында 14-21 тамыз аралығында ұйымдастырылды. Республикалық додаға Ақтөбе облысының құрамасы сапында тірек-қимыл аппараты бұзылған 10 спортшы және көру қабілеті бұзылған 6 спортшы қатысты.

Өңір намысын қорғаған спортшылар жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар 6 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Көру қабілеті бұзылған спортшылардың еншісінде 5 алтын, 7 күміс және 1 қола медаль бар.

Бұл нәтижелер спортшылардың қажырлы еңбегі, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі. Олардың жетістігі – параспортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды көрсеткіші.

Ақтөбе облысының параспортшыларына алдағы жарыстарда сәттілік, зор денсаулық, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!