"Еңбек" бағдарламасы (25.01.2020)

"Еңбек" бағдарламасы (25.01.2020)

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылдың 1 қарашасына жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Облыста ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің Жоспарына сәйкес  барлығы  42179 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, а.ж. 1 қарашасына барлығы  48117 адам жұмылдырылды немесе 114%.

Бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттер мен республикалық бюджет есебінен 11,6 млрд.теңге бөлініп, есепті кезеңге қаржыландыру жоспарына сәйкес 8,6 млрд.теңге игерілді немесе 74,1%.  

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында:

         - техникалық және кәсіптік оқытуға 1085 адамды жұмылдыру жоспарланып, бұл мақсатқа 2055,2 млн.теңге бөлінді. Оқуға 1085 адам жіберілді.

           А.ж. 1 қарашасына 1653,6  млн. теңге (оқуды жалғастырушылар есебінен) игерілді.

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 17 мекемеге 786 адам жіберілді  (жоспар 756 адам). Қысқа мерзімді оқуды 451 адам аяқтап, 438 адам жұмысқа орналасты немесе 97,1%. Бұл мақсатқа 134,0 млн.теңге бөлініп, 106,1 млн. теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1400 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланды. 1681 адам оқуға бағытталды. 1404 адам оқуын аяқтап, сертификаттарын алды. 1187 адам өз бизнес-жобаларын қорғап, нәтижесінде 816 адам қаржыландырылды (шағын несие- 116, грант- 700) немесе 58,1%.

         Бизнес идеяларды іске асыру үшін 1321 адамға 727,6 млн.тенгеге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар (200 АЕК) ұсыну жоспарланды, оның ішінде:

         РБ-564 адам-311,0 млн.тенге;

         ЖБ-322 адам-175,7 млн.тенге.

         ТОХ- 435 адам-240,9 млн.тенге.

         Нәтижесінде барлығы 1263 адамға 693,6 млн.тенге грант берілді:

         РБ-566 адам-310,7 млн.тенге;

         ЖБ-322 адам-175,7 млн.тенге.

         ТОХ- 375 адам-207,2 млн.тенге

         - Шағын несиелеу бойынша 1027 адамға 4637,3 млн.теңге беру жоспарланды. Оның ішінде:

                  -  ауылдық елді-мекендерде 972 жобаға 3721,2  млн.теңге;

                  -  қала тұрғынына 55 жобаға 916,1 млн.теңге;

        Есепті кезеңге 853 жоба 3883,3 млн.теңгеге несиелендірілді немесе жоспарланған қаражаттың  83,7%-ы игерілді, соның ішінде:

                   -   795 ауыл тұрғындарына 3442,8 млн.теңге.

                  -   58 қала тұрғындарына 440,5 млн.теңге

         А.ж. 1 қарашасына Ақтөбе қаласы бойынша 6 адам өткен жылдың қаражаты есебінен 34,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

         Сонымен қатар, қайтарылған қаражат есебінен 100 адамға                               457,7 млн.теңгеге шағын несие берілді. 

         - қаладағы кредиттерді кепілдіктендіру үшін 40 адамға 65,0 млн.тенге бөлініп, есепті кезеңге 6 адамға 10,9 млн.теңге берілді немесе 16,7 %    .

         - ауылдағы кредиттерді кепілдіктендіру үшін 125 адамға 308,0 млн.тенге бөлініп, есепті кезеңге 19 адамға 21,0 млн.теңге берілді немесе 25,3%.

         Бағдарламаның үшінші бағыты  аясында:

         Тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына барлығы 42318 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде:

         - жұмыс берушілердегі тұрақты бос жұмыс орындарына 27262 адам немесе 64,4%.

         - әлеуметтік жұмыс орындарына 1881 адам бағытталды немесе жоспардың 120,9% (жоспар – 1555 адам). Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтаған 711 адамның ішінен 553 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 78%.  Қаржыландыруға 353,3 млн.теңге бөлініп,                        206,0 млн.теңге игерілді немесе 58,3%.

         - жастар тәжірибесіне  3145 адам бағытталды немесе жоспардың                 113,9%. (жоспар – 2759 адам). Жастар тәжірибесін аяқтаған 1502 адамның                     ішінен 1165  адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 77,6%. Қаржыландыруға 1032,9 млн.теңге бөлініп, 554,0 млн.теңге игерілді немесе 53,6%.

        - қоғамдық жұмыстарға 9550 адам бағытталды немесе жоспардың                  112,3%.  (жоспар – 8501 адам). Қаржыландыруға 2251,7 млн.теңге бөлініп, 1538,4 млн.теңге игерілді немесе 68,3%.

- алғашқы жұмыс орындарына 32 адам жіберілді (жоспар 70 адам). Қаржыландыруға 16,8 млн.теңге бөлініп, 1,1 млн.теңге игерілді немесе 6,5%.

- ұрпақтар келісім-шарты бойынша  14 адам жіберілді (жоспар 51 адам). Қаржыландыруға 1,5  млн.теңге бөлінді.

          Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар аясында қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде:

         - жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %;

         - 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі  - 3,2 %.

      Облыста халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.