
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Орталық директоры қызметіне Уразалина Айжан Дәулетқызы тағайындалды. Айжан Дәулетқызы білім саласында тәрбиеші қызметінен бастап мектеп директорына дейінгі еңбек жолдан өтіп, осы салада 40 жылдан астам уақыт қызмет атқарған білікті маман.
Кездесу барысында орталықтың бұрынғы директоры Байгазин Кенжеғазы Жанабайұлының атқарған жұмыстары атап өтіліп, нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Басқарма басшысы жаңа директорға жауапты қызметінде табыс тілеп, орталық ұжымына өзара ынтымақтастықта және бірлесе жұмыс атқаруға сәттілік тіледі.
Жаңа басшының алдында орталықтың қызметін одан әрі жетілдіру, әлеуметтік қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және ұжымның тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндеттері тұр.