
Бүгін Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары, азаматтық қорғау аға лейтенанттары Али Купенов пен Өркен Пралиннің қатысуымен басқармаға қарасты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдай туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимылы түсіндірілді.
Мамандар өрттің алдын алу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.