«ЖАСТАР. ЖІГЕР. БОЛАШАҚ» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

«ЖАСТАР. ЖІГЕР. БОЛАШАҚ» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Жұмыс іздеп жүрсіз бе немесе еңбек жолыңызды бастағыңыз келе ме? Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келіңіз!

📅 2026 жылғы 14 тамыз
⏰11:00-13:00
📍 Keruen City сауда ойын-сауық орталығы, 3-қабат
👥 20-ға жуық ұйым мен кәсіпорын
💼 150-ден астам өзекті бос жұмыс орны

Жәрмеңкеде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Сіз:
✅ жұмыс берушілермен тікелей кездесе аласыз;
✅ сұхбаттасудан өте аласыз;
✅ өзіңізге лайықты жұмыс орнын таба аласыз;
✅ жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала аласыз.

🎓 Жас мамандар мен оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

Жұмыс табу және жұмыс берушімен тікелей кездесу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!