Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Сырым Нәси жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Сырым Нәси жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Сапар барысында ол өңірде техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысып, «Invapark» инклюзивті қызметтер индустриясы» қоғамдық бірлестігінің жұмысын көрді. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау саласының мамандарымен кездесіп, пилоттық жобаның ерекшеліктері мен оны іске асыру тетіктерін кеңінен түсіндірді.

Сырым Қажымұратұлының айтуынша, бұл пилоттық жоба 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивтік саясат тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарды техникалық оңалту құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, көрсетілетін сервистік қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеру. Жаңа модель техникалық құралдарды жөндеу, қажет болған жағдайда уақытша алмастыру және олардың бүкіл пайдалану циклін цифрлық форматта сүйемелдеуді көздейді. Бұл өз кезегінде қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттырып, мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында пилоттық жобаның негізгі бағыттары таныстырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Мамандар жаңа сервистік модельдің мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және оңалту жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететініне ерекше тоқталды.