
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ақслу Жұбаназарова жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барып, ауылдық округ әкімдері мен мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, аудан прокуратурасының прокуроры Сұлтан Молбаев және тиісті сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту, «Отбасының цифрлық картасы» жүйесі, атаулы әлеуметтік көмек және өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасы, FSM Social платформасы және «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» модулі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарманың бөлім басшысы әлеуметтік көмекті тиімді ұйымдастыру мен цифрлық жүйелерді қолдану бағытындағы жұмыстарды күшейтудің маңызын атап өтті. Жұмыс сапары аясында аудандық Отбасын қолдау орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының барысымен танысты.