
2026 жылғы 30 маусымда Басқармада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Омарованың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға жүргізілетін құқық бұзушылықтар мониторингі, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.