Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба басталды

Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба басталды

Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба басталды. Жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асыруда.

Пилоттық жобаның мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдарына қолжетімділігін арттыру, оларды уақтылы қамтамасыз ету және әлеуметтік оңалтудың үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Бүгін Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Айжан Хамзинаның төрағалығымен пилоттық жобаны іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиева, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантикенов және «InvaPark» инклюзивті қызметтер индустриясы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында пилоттық жобаны іске асыру тетіктері мен жаңа сервистік модельдің ерекшеліктері талқыланды.

Пилоттық жоба бойынша қосымша ақпаратты Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 133/1 мекенжайындағы «InvaPark» инклюзивті қызметтер индустриясы» қоғамдық бірлестігінен немесе 8 (707) 992-94-75 (Айжан Төлегенқызы) телефон нөмірі арқылы алуға болады.