Әлеуметтік қорғау саласының ардагері Рита Сиражетдинова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Әлеуметтік қорғау саласының ардагері Рита Сиражетдинова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік қызмет саласының үздік мамандары мен ардагерлерін марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында әлеуметтік қорғау саласының ардагері Рита Фатхрахманқызы Сиражетдинова да бар. Ол өзінің еңбек жолының 38 жылын Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет етуге арнап, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты.

Қызмет атқарған жылдары Рита Фатхрахманқызы мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бағыттарында жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және білікті маман ретінде танылды.

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі – оның көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан зор үлесінің лайықты бағасы.