Бүгін адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Бүгін адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың төрағалығымен Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

Отырысқа Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Бисенғалиева және комиссия мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы іс-шаралар жоспарын талдау негізінде адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, олардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2027–2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу барысы қаралды. Сонымен қатар, оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша білімін, машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған шаралар талқыланды.

Сондай-ақ шетелде адам саудасының құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, адам саудасының алдын алу бағытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалып, адам саудасының алдын алу, адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.