
Бүгін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілген медициналық қызметтердің ықтимал қайталануына талдау жүргізу мақсатында басқарманың бас маманы Бекболат Иманғалиев, «Отбасылық медицина клиникасының» бас дәрігері Сәндібек Нұрбаев және аталған клиниканың дәрігерлері басқармаға қарасты №2 және №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында болды.
Кездесу барысында әрбір қызмет алушыға көрсетілген медициналық қызметтер зерделеніп, тиісті талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.