
11–12 маусым күндері Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының ашылғанына 1 жыл толуына орай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті.
Турнирге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 10 командасы қатысты: Ақтөбе облысы, Ақсай, Ақжайық, Бәйтерек, Дариян, Жалпақтал, Казталов, Көшім, Орал және «Ақжайық» оңалту орталығының командалары.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы командасының ойыншылары арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік қорғаушы» номинациясы №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ішкі бақылау инспекторы Шакеев Ақылжанға табысталды. Ал «Үздік шабуылдаушы» номинациясымен Ақтөбе қаласының Мансап орталығының маманы Кемал Мейрамбек марапатталды.
Турнирге қатысқан барлық командаларға естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!