№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталы заманауи JAC Sunray маркалы 16 орындық жайлы микроавтобуспен толықты

№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталы заманауи JAC Sunray маркалы 16 орындық жайлы микроавтобуспен толықты

Жаңа көлік қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Енді орталық қызметін алушылар медициналық мекемелерге, мәдени-көпшілік іс-шараларға және өзге де маңызды бағыттарға қауіпсіз әрі жайлы жағдайда қатынай алады.

Бұл маңызды жаңару қарттар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың белсенді өмір салтын қолдауға және қоғам өміріне кеңінен араласуына бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Қызмет алушылардың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.