Ақтөбеде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және Қала күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Ақтөбеде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және Қала күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Облыстық Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және Қала күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар, сондай-ақ алимент бойынша берешегі бар азаматтар қатысты.

Іс-шараға 20-дан астам жетекші кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қатысып, 260-тан астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

Олардың қатарында Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты, Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты, «Әйгерім» клиникасы, DINA MARKET, KERUEN CITY басқарушы компаниясы, PETRO RETAIL ЖШС, HR Consulting Kazakhstan жеке жұмыспен қамту агенттігі және басқа да кәсіпорындар мен мекемелер болды.

Жәрмеңке барысында сатушы-кассир, жұмысшы, дәнекерлеуші, токарь, машина жасау саласының жобалаушы-конструкторы, іс жүргізуші, психолог, есепші, жүргізуші, кран машинисі, байланыс операторы, механик-жүргізуші, сүңгуір, фармацевт, экономист және басқа да мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мемлекеттік қолдау тетіктері және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша Электрондық еңбек биржасының Enbek.kz порталында 2500-ден астам бос жұмыс орны жарияланған.