
«Әлеуметтік оңалту орталықтарындағы тиімді тәжірибелер: тәжірибе алмасу және инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы республикалық семинар аясында тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Бекболат Иманғалиев, сондай-ақ «№1, №2, №3, «Қамқорлық» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен мамандары Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында қатысушылар Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының “Өз бетінше тұруды сүйемелдеу” бөлімшесінің жұмысымен танысты. Іс-шара аясында мамандар бөлімшенің қызмет алушыларға көрсететін әлеуметтік-тұрмыстық қолдау шараларын, қоғамға бейімдеуге бағытталған әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамыту тәжірибелерін зерделеді. Сонымен қатар, бөлімшеде қалыптастырылған қолайлы орта мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи бағыттары таныстырылды.