«Әлеуметтік оңалту орталықтарының тиімді тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті

«Әлеуметтік оңалту орталықтарының тиімді тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті

Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында «Әлеуметтік оңалту орталықтарының тиімді тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік оңалту бағытындағы тиімді тәжірибелерді насихаттау.

Семинарға басқарманың бас маманы Бекболат Иманғалиев, сондай-ақ «№1, №2, №3» және «Қамқорлық» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Жиын барысында өңірдегі әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, заманауи әлеуметтік оңалту тәсілдері, қызмет көрсету сапасын жетілдіру және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, көрсетілетін қызмет түрлері, оңалту бағытындағы заманауи әдістер мен инновациялық жобалар туралы ақпарат алды. Олар мекеменің материалдық-техникалық базасын, мамандардың тәжірибесін және қызмет алушыларға жасалған жағдайларды көріп танысты.