Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының м.а. Әнуарбек Қонжардың төрағалық етуімен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2027 - 2029 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар жинақтау, талқылау мәселелері қаралды.

Жиынға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және өзге де мүдделі құрылымдар өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын күшейту және жұмысты одан әрі жандандыру қаралды.