Хромтауда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесу өтті

Хромтауда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесу өтті

№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қарлығаш Шалаева психоневрологиялық мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды Орталық қызметімен таныстыру және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Кездесу барысында ата-аналарға психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ оңалту бағдарламалары, қолдау шаралары және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай кездесулер ата-аналарға қажетті көмек түрлерін дер кезінде алуға, сондай-ақ балалардың дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Орталық туралы толық ақпаратты aktobe_cso3 Instagram парақшасынан немесе 8 777 660 13 78 (директор Қарлығаш Ермекқызы) байланыс нөмірі арқылы білуге болады.