Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы

Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі туралы

Ақтөбе облысы бойынша ағымдағы жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 1928 аз қамтылған отбасына, оның ішінде 10 297 адамға жалпы сомасы 385,3 млн теңгеге тағайындалды.

Бұдан басқа, 1 жастан 6 жасқа дейінгі қоса алғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 3110 балаға 1,5 АЕК (6488 теңге) мөлшерінде 53,4 млн теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем жүргізілді.

Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті 2-тоқсанға тағайындауға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысы бойынша 2-тоқсанда кедейлік шегінің мөлшері 42 512 теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер адамдар (отбасылар) тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жүгіне алады, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет порталы» арқылы өтінім бере алады. Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.