«Инватакси» қызметін кімдер пайдалана алады?
Қызмет мүгедектігі бар адамдарға арналған, олар:
- жүріп-тұруы қиын;
- жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын;
- өзін-өзі күту және мінез-құлқын бақылау қабілеті 2–3 дәрежеде шектелген ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдар.
Қызметті алу үшін мүгедектік мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) жарамды қорытындысы болуы қажет
Қандай құжаттар қажет?
- Жеке куәлік (немесе электрондық құжат).
- Мүгедектікті белгілеу туралы құжат.
- 026/у нысанындағы ДКК қорытындысы.
Қызметті қалай алуға болады?
- Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беру (өзі немесе заңды өкілі арқылы).
- Сапарға өтінімді әдетте бір тәулік бұрын беру.
- Қажет болған жағдайда кешкі/түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері кезекші көліктер қызмет көрсетеді.
Қызмет кімдерге бірінші кезекте көрсетіледі?
- Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдарға.
- Оқушылар мен студенттерге.
- Балабақшаға баратын балаларға (жұмыс/оқу кестесіне сәйкес).
Басқа азаматтарға — өтініш беру ретімен.
Қызметке не кіреді?
- Диспетчердің өтінімді қабылдауы.
- Арнайы көлікті ұсыну.
- Қажет болған жағдайда отырғызу/түсіруге көмек.
- Үйінен көлікке дейін жеткізуге көмектесу (еріп жүруші болмаса).
- Көрсетілген мекенжайға дейін жеткізу (бір еріп жүрушімен бірге).
Ақтөбе облысы бойынша қайда жүгінуге болады?
Облыста 150-ден астам инватакси көлігі жұмыс істейді.
Ақтөбе қаласы
- «InvaPark» ҚБ — Болашақ шағын ауданы, Бөкенбай батыр көшесі 133/1, тел. 87015242635
- «Ерекше тандау» ЖШС — Заречный 4, уч. 277А, тел. 87785505581
- «Ғажап» ҚБ — А.Иманов көшесі 2, тел. 87014483880
- «Аққу» ҚБ — Ақтөбе қ., Алтын Орда-2, Тәуелсіздік көшесі, 5 үй, б.тел:. 8705 656 2054, 8707 639 9829.
Аудандар
- Алға ауданы, «Аққу» ҚБ — Алға қ., С.Сейфуллин көшесі 19-54, тел. 87053787281;
- Әйтеке би ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
- Байғанин ауданы, «Мұрат» КБ — Қарауылкелді кенті, Д.Қонаев көшесі 36, тел. 87026963864;
- Ырғыз ауданы, «QOLDAU EVENT» ЖҚ - 87767843986
- Қарғалы ауданы, «Ақтөбе дамуы» ҚБ — Бадамша кенті, Әбілқайыр хан көшесі 43, тел. 87072674009;
- Қобда ауданында — «Қайсар тұлға» ҚБ - 87757307030
- Мәртөк ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
- Темір ауданы, «PROF CONTACT» ҚҚ —, Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
- Мұғалжар ауданы, «Нұр-Алем» ҚҚ — Қандыағаш қ., Алтынды көшесі 78, тел. 87712044112, «PROF CONTACT» ҚҚ — Тәуелсіздік көшесі 16, тел. 87053830217
- Ойыл ауданы, «Ғажап» ҚБ — Т.Жүргенов ауылы, Тәуелсіздік 95, тел. 87778415930;
- Хромтау ауданы, «Хромтау қаласының мүгедектер қоғамы» ҚБ — Хромтау қ., Ш.Уәлиханов көшесі 3А, тел. 87059181980
- Шалқар ауданы, «Шалқар саясы» ҚБ — Шалқар қ., Құлбатыр көшесі 8А, тел. 87029045419