№2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қоғамдық мониторинг жүргізілді

№2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қоғамдық мониторинг жүргізілді

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрайымы Тәттігүл Талаева және кеңес мүшелері №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекеменің жай-күйімен танысып, қоғамдық мониторинг жүргізді.

Кеңес мүшелері мониторинг барысында мекеменің материалдық-техникалық базасына, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына, сондай-ақ ғимараттың жалпы жағдайына ерекше назар аударды.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша аталған мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.