“Таза бейсенбі” тазалық жұмыстары жүргізілді

“Таза бейсенбі” тазалық жұмыстары жүргізілді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” тазалық жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Бірлескен еңбектің арқасында қоршаған ортамызды таза әрі көрікті етуге үлес қосудамыз.