
Көрісу күні – Амал мерекесі аясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева елге еңбегі сіңген азамат, «Қазақстанның Еңбек Ері» Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовпен кездесті.
Аманғос Сансызбайұлы – ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп, өңірдің аграрлық дамуына зор үлес қосқан тұлға. Ол басқаратын “Степное” ЖШС бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, жаңа технологияларды енгізу арқылы аймақ экономикасының өркендеуіне үлес қосып келеді.
Аманғос Сансызбайұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілейміз.