Көрісу күнінде – ардагерлерге құрмет көрсетілді

Көрісу күнінде – ардагерлерге құрмет көрсетілді

Көрісу күні – Амал мерекесіне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева еңбек ардагерлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Мерекелі күні басқарма басшысы Ақтөбе облысының құрметті азаматы Кеңес Бирманов пен әлеуметтік қорғау саласының ардагері Клавдия Панмен кездесіп, ізгі тілегін жеткізді. Кездесу барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың көп жылғы еңбегі мен қоғамға қосқан сүбелі үлесі ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген сый-құрмет пен ілтипатқа алғыстарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігіне ақ тілектерін арнады.