Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 15:00–17:00 аралығында «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығының 3-қабатында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында және Наурыз мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге 20-дан астам жетекші кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қатысып, өзекті бос жұмыс орындарын ұсынады.

Қатысушыларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мемлекеттік қолдау тетіктері және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.