Өңірде 22 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы қызмет көрсетуде

Өңірде 22 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы қызмет көрсетуде

Ақтөбе облысы аумағында егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының жұмысы жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылдың 1 наурызына облыста барлығы 22 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Оның 10-ы Ақтөбе қаласында, ал 12-сі аудандарда орналасқан.

Мемлекеттік тапсырыс аясында Ақтөбе қаласында, Байғанин, Қарғалы және Хромтау аудандарында орталықтар өз қызметін жалғастыруда. Сонымен қатар, Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қобда, Мартөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс атқаруда.

Орталықтардың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайту, олардың белсенді өмір салтын қалыптастыру және қоғам өміріне қатысуын арттыру. Осы бағытта дене шынықтыру сабақтары, емдік және арнайы жаттығулар, массаж бағытындағы емдік-сауықтыру қызметтері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, орталықтарда шығармашылық және зияткерлік дамуға ерекше көңіл бөлінеді. Қолөнер, сурет салу, ән-күй, би үйірмелері мен түрлі танымдық курстар егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық қолдау көрсету маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл ретте тренингтер, жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылып, қатысушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға жағдай жасалады. Сонымен бірге, цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында орталық мамандары «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану, компьютерлік сауаттылық және смартфон қолдану бойынша әлеуметтік-ағартушылық қызметтер көрсетеді.

Бұл бағыттағы жүйелі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының байланыс телефондары:

Ақтөбе қаласы

1) Жаңақоныс, Ынтымақ көшесі 107.

+7 775 550 4492 Асия Еламанқызы

2) Юго-Запад 22в

+7 700 723 0284 Меңсұлу

3) М.Өтемісұлы көшесі 120

+7 777 340 1075 Роза Муратовна

4) Ш.Уәлиханов көшесі 35б

+7 777 340 1075 Роза Муратовна

5) Қ.Сәтбаев көшесі 20а

+7 771 785 2525 Жанар Якудаевна

6) Х.Досмұхамедұлы

+7 705 233 4193 Қызғалдақ Ардаққызы

7) Алтын Орда 381

+7 771 186 4963 Гүлжазира Сайынқызы

8) Қызылжар-2, 219 учаскесі

+7 701 479 5257 Айгерим Сапаровна

9) Берекет-1

+7 747 898 5635 Гулдаурен Сериковна

10) Бейбітшілік даңғылы 1 А,

+7 707 474 1744 Вазих Ақтаев

Алға ауданы - 8747 199 2575 Айгерим Сакеновна

Әйтекеби ауданы - 8747 248 8726 Гулсимай Жумабекқызы

Байғанин ауданы - 8771 599 6612 Айнур Жумабаевна

Ырғыз ауданы - 8777 277 7082 Сенбіғали Рахметуллаұлы

Қарғалы ауданы - 8707 851 3418 Арыстан Жарасұлы

Қобда ауданы - Нурбибі Әміреқызы 8705 651 8439

Мәртөк ауданы - 8700 963 4749 Асылбек Мурзагалиевич

Мұғалжар ауданы - 8705 379 5483 Анар Букенбаевна

Ойыл ауданы - 87079016858 Жангул Бақытжанқызы

Темір ауданы - Жанибек Низагалиевич 8778 804 1380

Хромтау ауданы - 8771 599 6612 Айнур Жумабаевна

Шалқар ауданы - 8701 549 9145 Карашулакова Индира