Мамандық таңдау – әр жас үшін жауапты әрі маңызды қадам

Мамандық таңдау – әр жас үшін жауапты әрі маңызды қадам

Мамандық таңдау – әр жас үшін жауапты әрі маңызды қадам. Қоғамның сұранысы мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Ақтөбе облысының Еңбек мобильдігі орталығы жұмыс берушілермен бірлесіп, оқушыларға кәсіптік бағдар беру шараларын ұйымдастыруда.

Осы бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде №38 орта мектебінің оқушылары қаламыздағы мейрамханалардың біріне экскурсия жасап, қызмет барысымен танысты. Кездесу барысында мейрамхана мамандары қоғамдық тамақтану саласындағы жұмыстың ерекшеліктерін баяндап, ас әзірлеу технологиясын көрсетті.

Оқушылар аспаз, даяшы, кондитер және әкімші мамандықтарының қыр-сырымен танысып, әрқайсысының жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігінің маңызын түсінді. Өндірістік үдерісті өз көздерімен көріп, нағыз еңбек ортасының тыныс-тіршілігін сезінді.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы таңдауға ықпал етіп, еңбекке деген құрметін арттырады. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар жалғасын таба бермек.