Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар

Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, халықты тұрақты жұмыспен қамту, азаматтардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру, жастар мен зейнеткерлік жасқа таяған адамдарды еңбекке тарту, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар іске асырылуда. Аталған шараларға кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау кіреді.

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға тіркелген жұмыссыз азаматтар мен қандастар, әлеуметтік осал топтарға жататын адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және есепте тұрған тұлғалар, жоғары сынып оқушылары мен студенттер, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады.

Бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлер тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгінуі, электрондық үкімет порталы арқылы немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы тиісті жолдама алуы қажет.