«Несие қарызын реттеу: заңды жолдар мен мүмкіндіктер» тақырыбында ашық есік күні өтті

«Несие қарызын реттеу: заңды жолдар мен мүмкіндіктер» тақырыбында ашық есік күні өтті

Тұрғындардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру және несие қарызын заңды түрде реттеу жолдарын кеңінен түсіндіру мақсатында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында азаматтарға несие жүктемесінің салдары, төлем мерзімін өткізіп алудың құқықтық жауапкершілігі, қарызды қайта құрылымдау мүмкіндіктері, төлемді кейінге қалдыру тетіктері, коллекторлық ұйымдармен қарым-қатынас жасау тәртібі және жеке тұлғаның банкроттығы жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр қатысушы өз мәселесі бойынша мамандардан жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Ашық есік күніне облыстық прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық заң консультанттары палатасы, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, еңбек мобильдігі орталығы, қалалық мансап орталығы және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына нақты жауап берді.

Шараға несиелік міндеттемелері бар азаматтармен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жұмыссыз азаматтар және пробация қызметінің бақылауындағы тұлғалар шақырылды. Қатысушылар қаржылық қиындықты еңсерудің заңмен бекітілген тетіктерімен танысты.