
Электрондық еңбек биржасы enbek.kz — жұмыс іздеу және кадрларды іріктеу үдерісін жеңілдету мақсатында құрылған мемлекеттік онлайн-платформа. Портал жұмыс іздеушілерді, жұмыс берушілерді және Мансап орталықтарын біріктіріп, жұмыспен қамту саласындағы бос жұмыс орындары мен көрсетілетін қызметтер туралы өзекті ақпаратқа тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Enbek.kz порталы арқылы азаматтар мамандығы, өңірі және жалақы деңгейі бойынша өз бетінше жұмыс таба алады, түйіндеме орналастырып және жаңартып, бос жұмыс орындарына онлайн форматта өтінім бере алады. Ал жұмыс берушілер өз кезегінде қосымша шығындар мен делдалдарсыз бос жұмыс орындарын жариялап, қажетті мамандарды іріктеу мүмкіндігіне ие.
Портал сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін пайдаланылады. Enbek.kz арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларымен танысуға, оқытуға немесе біліктілікті арттыруға жолдама алуға, сондай-ақ Мансап орталықтарынан қолдау алуға болады. Бұдан бөлек, платформада арнайы бөлімдер қолжетімді: skills.enbek — жаңа дағдыларды меңгеру және кәсіби құзыреттерді дамыту үшін, career.enbek.kz — мансаптық жолды жоспарлау және құру үшін, mansap.enbek — мамандықты таңдауға және мансаптық траекторияны басқаруға арналған, сондай-ақ business.enbek — бизнесті іске қосу және кеңейту бойынша ақпарат пен қолдау алу үшін.
Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін порталға компьютер арқылы, enbek.kz мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Мансап орталықтарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы қол жеткізуге болады, қажет болған жағдайда орталық мамандары кеңес береді.
Қазіргі уақытта enbek.kz порталында Ақтөбе облысы бойынша 2000-нан астам өзекті бос жұмыс орны орналастырылған, бұл оның халық пен жұмыс берушілер арасындағы сұранысқа ие әрі тиімді құрал екенін көрсетеді