
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған.
Жастар практикасына оқу аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз ретінде тіркелгендер жіберіледі.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, айына жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.
Тіркелген жұмыссыздар Enbek.kz порталындағы бос жұмыс орнын да таңдай алады.