Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста еңбек қатынастарын реттеу мәселелері, кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешекті жою жағдайы, өңірдегі еңбекті қорғау саласының ахуалы және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Сондай-ақ 2026 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов, Мұғалжар және Байғанин аудандары әкімдерінің орынбасарлары Әкімжан Есенаманов пен Нұржан Адаев, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының м.а. Талғат Искарин баяндама жасады, жиынға құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары, ірі және шағын кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Комиссия төрағасы еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу, кәсіподақтар арқылы алдын алу жұмыстарын күшейту және әлеуметтік әріптестік тетіктерін жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.