Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңейтілген жиналыс өтті

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңейтілген жиналыс өтті

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның төрағалығымен жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңейтілген жиналыс өтті.

Жиналысқа Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, сондай-ақ Еңбек мобильділігі және мансап орталықтарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында 2025 жылдың 12 айындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары тыңдалып, 2026 жылға арналған жоспарлар мен негізгі міндеттер айқындалды. Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, отбасын қолдау орталықтарының қызметі, мансап орталықтарының жұмысы, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиналыс барысында басқарма басшысы әлеуметтік қорғау жүйесі саласының қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, мамандарға азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру, сондай-ақ жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарау тапсырылды.