Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды қабылдау орталығында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында жұмыспен қамту, көп балалы анаға тұрғын үй беру, сондай-ақ жеке мектепке шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша өтініштер түсті. Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.