«Socium» ақпараттық жүйесі бойынша практикалық оқыту өтті

«Socium» ақпараттық жүйесі бойынша практикалық оқыту өтті

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға арналған «Socium» ақпараттық жүйесі бойынша практикалық оқытуды жүйе әзірлеушілері — «Cushpen Innovations» ЖШС мамандары Гульфия Ануар және Саламат Рахметоллин жүргізді.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандары қатысып, жүйемен жұмыс істеудің практикалық қырларымен танысты.