
Бүгін Астанада «Алтын сапа», «Парыз», «Іскер», «Кәсіби маман», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық сапа конкурстарының және «Адал Азамат» атағының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Елдегі ең үздік кәсіпорындар қатарында Ақтөбе облысының өкілдері тағы да өз жетістіктерімен ерекшеленді.
«Парыз» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Lucrum Star» компаниясы (директоры — Аслан Шойбеков) лауреат атанды. Кәсіпорын экологиялық бастамаларымен және өңірдегі ондаған мектеппен макулатура жинау бойынша көпжылдық ынтымақтастығымен танымал.
Әрбір қайта өңделген тонна қағаз 17 ағашты сақтап, 26 мың литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді әрі көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайтады.
Компания ұжымын жоғары марапатпен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен табысты бастамалар тілейміз.